Пандемия қалай аяқталады?

Пандемия қалай аяқталады?

“Пандемия енді қашан бітеді екен?”– деп сыртқа шығар кезде маска тағып,антисептигін өзімен бірге әрдайым тастамай жүруден мезі болған әр адам өзінен осылай сұраған шығар. Қашан бұл ауруға қарсы вакцина шығарылып, бұрынғыдай саяхаттай алады екенбіз? ДДСҰ Ассамблеясында ресми түрде пандемия біткенін хабарлағанда қандай керемет болады, шіркін!

Барлығымыздың бақытымызға орай, бұл бір күні аяқталары сөзсіз. Адамзат тарихындағы бірде-бір пандемия жердің бүкіл тұрғындарының жойылуына жақын болған да жоқ, сондықтан біз де бұны басымыздан аман-есен өткереміз. Бірақ іс жүзінде пандемия қалай аяқталады? Қауіп артта қалғанын қалай түсінуге болады?

Бұл негізінен үш жолдың біреуіндей болады:

1. Ауру енді ешкімге жұға алмайды.

Питер Брюгель, «Өлімнің салтанаты», 1563 ж

Бұл бірнеше себептерге байланысты болуы мүмкін:

  • Аурудың өлім-жітім деңгейінің өте жоғары болуына байланысты халық санының күрт азаюы мүмкін, сол себептен тірі қалғандар арасында байланыс өте аз болады және осыған сәйкес ауру енді басқаларға берілмейді. Немесе тірі қалғандардың инфекцияны болдырмайтын генетикалық иммунитеті бар болады. Бұл шамамен \(14\) ғасырда қара обамен болған жағдай. Оба ауруы \(80\)% бубонды түрде және \(100\)% өкпенің әсерінен өлімге әкелді. Әр түрлі бағалаулар бойынша Еуропа халқының \(30\)-дан \(60\) пайызға дейінгі бөлігі қайтыс болды. Ғалымдар тірі қалғандардың көпшілігінде ауруға қандай да бір генетикалық төзімділік болған деп болжайды. [3]
  • Бұл ауруды қоздыратын организм мутацияға ұшырауы және адамдарға жұқпауы мүмкін немесе одан да қауіпті емес мутацияға ұшырауы мүмкін. Егер берілген аурудың өлім-жітім деңгейі жоғары болса, тасымалдаушылар тез өліп, басқа адамдарға жеткіліксіз жұқтырса, онда бұл инфекция қоздырғыштарының өздеріне «қолайсыз». Бұл жағдайда аурудың жеңіл өтуімен және тасымалдаушылардағы өлімнің төмендеуімен байланысты мутация бұл вирустың / бактериялардың / саңырауқұлақтардың оңай таралуына және көп адамдарға жұғуына, ал адамзатқа эпидемиядан аман қалуға мүмкіндік береді. [3]
  • Планетаның бүкіл халқы осы аурумен ауырған және иммунитет инфекциялық агент өлгенге дейін қайта инфекцияны болдырмайтындай ұзақ сақталады. [3]

2. Медициналық араласу (вакцина ойлап табу).

Көптеген адамдар бұл әдіске “бір кезде бәрімізді құтқаратын вакцина болады”, – деп көп сенім артып үміттенеді. Алайда тарихтағы бір ғана ауру медициналық араласу арқылы толықтай жеңді. [8]

Вакцина пайда болғанға дейін шешек ауруы адамдар үшін ғасырлар бойы, мыңжылдықтар бойы қауіпті болып қала берді. Әр түрлі дереккөздер оның пайда болуын біздің заманымызға дейінгі \(3000\) жылмен немесе біздің дәуіріміздің басымен байланыстырады. Тек ХХ ғасырдың өзінде ол бүкіл әлемде \(300\)-\(500\) миллион адамның өмірін қиды, дегенмен көптеген елдерде жаппай вакцинация \(18\) ғасырдың аяғы мен \(19\) ғасырдың басында басталды. Инфекцияның соңғы жұқтыру жағдайы \(1977\) жылы Сомалиде сипат алған , ал \(1980\) жылы шешек ауыруының түбімен жойылуы туралы ДДСҰ Ассамблеясында жарияланды. [11]

Әдетте вакцинаның дамуы \(10\)-нан бастап \(20\) жылға дейін созылады, бірақ SARS-CoV-\(2\) қарсы вакцина басқаларға қарағанда әлдеқайда жылдам жасалуда және бүкіл процесс бір-екі жылға дейін қысқартылды. Салыстырмалы түрде Зика вирусына қарсы тексерілетін вакцинаның алғашқы үлгісі \(7\) айда, ал коронавирусқа қарсы \(42\) күнде дайын болды.[7]

2020 жылғы 3 қыркүйектегі әр түрлі тестілеу кезеңдеріндегі вакциналар. Дереккөз

Қазіргі таңда \(37\) вакцина клиникалық сынақтардың әр түрлі сатысында, ал кем дегенде \(91\)-і бүкіл әлемдегі жануарларға сынақтан өткізіліп жатыр. [2] Вакциналарға сынақтар арасында ең зор үміткерлер:

  • CanSinoBIO (Қытай) – Қытай үкіметі әскери мақсатта шектеулі қолдануға мақұлдады. Бұл Қытайда, Пәкістанда, Сауд Арабиясында [2] және Ресейде [1] жүргізілген клиникалық зерттеулердің үшінші кезеңінде.
  • НИЦ Гамалея (Ресей) – \(40 000\) еріктілер вакцинациясына негізделген үшінші кезеңнің нәтижелеріне байланысты Ресей Федерациясының үкіметімен ерте пайдалануға қабылданды.[1]
  • Moderna (АҚШ) – сынақтардың үшінші кезеңінде және бұл кезеңге АҚШ-ның \(30 000\) еріктілеріне вакцинация жасау кіреді.[2] Маусымда Moderna компаниясының бас директоры вакцинаның қаншалықты қауіпсіз екендігі “Алғыс айту” күніне белгілі болатынын мәлімдеді. [9]
  • AstraZeneca, Оксфорд университеті (Ұлыбритания, Швеция) – Англияда, Бразилияда, Үндістанда, АҚШ пен Оңтүстік Африкада тестілеудің аралас \(2/3\) кезеңінде. Жетекші зерттеуші Сара Гилберт вакцинаны \(2020\) жылдың соңына дейін шығарылады деп үміттенеді. [9]
  • BioNTech, Pfizer, Fosun Pharma (Германия, АҚШ, Қытай) – Аргентина, Бразилия, Германия және АҚШ-та тестілеудің аралас \(2/3\) кезеңінде. Pfizer \(2020\) күзінде FDA мақұлдауына ие болады деп үміттенеді. [9]

Потенциалды вакциналардың көптігіне қарамастан, тарихи түрде кандидаттардың тек \(6\)% -ы мақұлданған және кейіннен қолданылған.[10] Доктор Энтони Фаучи бірыңғай вакцина болмайды және әлемдегі әртүрлі зертханалардан бірнеше үміткер табысқа жетеді деп санайды.[9]

3. Әлеуметтік өзгеріс.

Image credit: CNN

Әлеуметтік өзгерістер тарихтағы көптеген эпидемиялар мен пандемияларға нүкте қойды.

Дәрігерлер мен ғалымдар обаны қалай емдеу керектігін немесе оның алдын алу жолдарын білмегеніне қарамастан, арақашықтық оның таралуына ішінара әсер ететіндігін түсіне бастады. Адамдар егеуқұйрықтардан алшақтай бастады, ал Италияның Рагуза қаласына келген теңізшілер портта оқшауланып қалды. Бастапқыда ол \(30\) күнге созылды (trentino), бірақ ол көп ұзамай \(40\) күнге ұзартылды (quarantino). [6]

Лондонда оба «жойылған жоқ», ал эпидемиялар ХIV-XVII ғасырларда пайда бола берді. \(1665\) жылғы эпидемия кезінде \(100\) мыңға жуық адам (қала халқының \(20\)%-нан астамы) қайтыс болды. Науқастарды үйлеріне күшпен қамап, есіктеріне қызыл кіресттер тағып, басқаларға ескерту жасады. [6]

\(1854\) жылы Лондонда тырысқақ ауруы өршіп тұрған кезде «эпидемиологияның атасы» деп кейінірек танылған доктор Джон Сноу ауруханалар мен мәйітханалардың жазбаларын қарап, жергілікті тұрғындармен сұхбат жүргізді, сонымен қатар, аурулардың таралу картасын жасады. Доктор Сноу өзінің бақылаулары мен зерттеулерінің нәтижелеріне сүйене отырып, оның себебі судың ластануынан, атап айтқанда, Брод-Стриттегі су сорғышынан деп күдіктене бастады. Бұл оқиғалар қазіргі эпидемиологияның дамуына және сумен жабдықтау және канализация жүйелерінің жақсаруына әкелді.[6]

Бұл пандемия қалай аяқталады?

«Пандемияның қалай аяқталатыны туралы мәселе кем дегенде 50 пайыз әлеуметтік және саяси мәселелер болып табылады.»
– Сара Коуби, University of Chicago

Біз сақтық шараларын сақтауды жалғастыруымыз керек, яғни бетперделер, арақашықтық және антисептиктер әлі біраз уақыт бізбен қалады. Коубидің айтуынша, қалған \(50\) пайызы ғылыми және медициналық болып табылады. Вирусты толығымен тоқтату үшін вакцина қажет болады. Алайда егер вакцина \(8\) миллиард адамның барлығына қол жетімді болмаса, covid-19 эндемия болып қала беру мүмкіндігі жоғары (тұмау немесе безгек сияқты адамдарда үнемі болатын ауру). Испан тұмауы «жоғалғаннан» кейін \(60\) жыл бойы эндемия болды.[5] Вакцинация, тиімді емдеу және табиғи иммунитет бізді қорғайды, бірақ коронавирус қалуы мүмкін және біз онымен өмір сүруді үйренуіміз керек.

Ескертпелер:

  1. 4 of the 7 World’s Covid Vaccines in Final Trials Are from China. Latest Updates.” Livemint, 24 Aug. 2020.
  2. Corum, Jonathan, et al. “Coronavirus Vaccine Tracker.The New York Times. NYTimes.com. Accessed 27 Aug. 2020.    
  3. COVID-19 UK: How Do Pandemics Come to an End? 8 June 2020.
  4. Great Plague of London.Wikipedia, 28 Aug. 2020.  
  5. Denworth, Lydia. “How the COVID-19 Pandemic Could End.” Scientific American. Accessed 18 Aug. 2020.
  6. How 5 of History’s Worst Pandemics Finally Ended – HISTORY. Accessed 27 Aug. 2020.  
  7. How Fast Can a Vaccine Be Made? – Dan Kwartler. YouTube. Accessed 27 Aug. 2020.
  8. Kolata, Gina. “How Pandemics End.The New York Times, 10 May 2020. NYTimes.com  
  9. Smith, Dale. “Will We Get a Coronavirus Vaccine by 2021? Everything You Need to Know.” CNET. Accessed 18 Aug. 2020.  
  10. Special Report: Countries, Companies Risk Billions in Race for Coronavirus Vaccine.” Reuters, 27 Apr. 2020.  
  11. Натуральная оспа.” Википедия, 17 Aug. 2020.

Аударған: Дана Хыдырова